Жаңалықтар
02.01.2020
Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен білім беру ұйымының педогогикалық қызметкерлерінің шығармашылық әлеуеті кәсіби шеберлігін арттыру үшін Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі " Жаңашыл білім беру ұясы-2019" номинациясымен марапатталды.
19.12.2019
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Мектеп-Оқушы-Ата-Ана" үштік одағының жұмысын жандандыру жəне ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынасты одан əрі жақсарту мақсатында ашық есік күні өтті.
13.12.2019
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларды әскери-патриоттық бағытқа тәрбиелеу және "Жас сарбаз" сыныбының жұмысын жандандыру, оқушылар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында "Жас сарбаз" сыныбының АНТ қабылдау рәсімі өтті.
12.12.2019
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Тəуелсіздіктің 28 жылдығына орай "Бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбымен отбасылық өнер сайысы өтті.
8.12.2019
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Доссор селолық емханасының нарколог маманы С.К. Тәжібаева, психолог Г.Утегенова, Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Б.Рахимов және мектеп инспекторы М.Б.Бисенбаеваның қатысуымен "Дені сау ұрпақ- ұлт болашағы" тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өтті.
8.12.2019
WWW.QALAMGER.KZ әдеби-танымдық порталы ұйымдастырған "Мен оқыған ертегі" республикалық онлайн шығармашылық байқауына Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 2 "Б" сынып оқушысы Берік Меруерт қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
5.12.2019
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 25-29-шы қараша аралығында математика пәні бойынша «Математика – ақыл-ой гимнастикасы» атты апталық болып өтті. Апталық барысында Х.И.Жумагазиева 9 сыныпта «Арифметикалық прогрессияның n-шы мүшесі», М.К.Мухтанова 6 сыныпқа «Рационал сандарға амалдар қолдану», Ж.Т.Сидегалиева 11 сыныпқа «Математикалық сауаттылық есептерін тиімді тәсілмен шешу», А.Қонанова 5 сыныпқа «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

















