Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Жаңалықтар

23.02.20ж - "Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар - сапалы білім берудің негізі" тақырыбындағы аудандық педогогикалық оқуларында Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі А.Ж.Утепкалиева жүлделі ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Г.Б.Бекешева жүлделі ІІІ орын және информатика пәні мұғалімі Н.Т.Нургалиева "Алғыс хат" иеленді.

19.02.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі мен ағылшын тілі пәндеріне оқышылардың қызығушылығын арттыру үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.К.Құрманғалиева 7 "Ә" сыныбына "Biographies" атты ашық сабақ, 11 "А сыныбына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.С.Мендигалиева " Медицина долголетия и продления жизни" атты ашық сабақ өткізді.

17.02.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушылардың Отан алдындағы жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында "Біз ұландар - еліміздің ертеңіміз" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында әскери - патриоттық сайысы өтті.

15.02.20ж - Мақат аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 2020 жылғы Х - шы жазғы аудандық спартакиадасында футболдан жүлделі І орын иеленген Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушылары облысқа жолдама алды.

13.02.20 ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі лездемеде салтанатты түрде ашылып, жоспар барысы оқушыларға таныстырылды.

13.02.2020ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларына "Ерлік- ұрпаққа өнеге" тақырыбында ерлік сабағы өтті.