Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

 

 

 

 

 

Ата – аналармен дөңгелек үстел

 

«Ғаламтор және кітап»  Дебат

 

Кітаптың адам өміріндегі маңызы

Оқырман конференциясы

 

А.Құнанбаев  атындағы орта мектебінің кітапханасы

2019-2020 оқу жылында  атқарылған жұмыстары туралы мәлімет:

 

Білім алудың басты құралы – кітап екенін бәріміз жақсы білеміз. Кітапхана кішкентай болғанымен, атқарар қызметі үлкен.

Кітапханаға жалпы талаптарды білім беру орындарының жұмыс міндеттері мен мазмұнына қарай берілген нұсқаулар арқылы жүзеге асырылады.

Биылғы оқу жылында жаңа бағдарламаға сай,  4-9-10 сыныптар оқушыларын толықтай оқулықпен қамтамасыз еттік. 1-11 аралығындағы сыныптардың жетіспеген оқулықтары, қараша айында келіп, оқушылар 100 пайыз оқулықпен  қамтылды. Қалған 11 сынып келесі оқу жылында  оқулықтармен қамтамасыз етіледі және МАД сынып, 1 сынып, 11 сынып оқулықтарына сұраныс берілді.

Қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры  – 43111

Оның ішінде мектеп оқулықтары  - 32373

Әдістемеліктер – 3594

Көркем әдебиет- 6560

Электронды оқулықтар саны  - 584

Оқырмандар саны – 224

Кітапхана ауданы– 135,5 (шаршы метр)

Оқу залындағы отыратын орын саны – 20

Техника ғасыры басталғалы оқырмандарымыздың кітап пен кітапханамен жұмыс жасауы сиреп барады, дегенмен де бастауыш сынып оқушылары, 5-6 сынып оқушылары ертегі, әдеби кітаптар алып оқиды және өздеріне ұнаған жерлерін баяндап береді.

 

 

 

Оқырмандарымыздың қызығушылығын арттыру мақсатында, «Қазақстан болашағы –фундаменталды білім», «Ұлттық идеямыз- мәңгілік ел», «Игілік бастауы- рухани жаңғыру», «Мектеп – білім тірегі» тақырыптарында тұрақты көрмелер ұйымдастырылған және олар бөлімдермен бөлінген.

Қыркүйек айында Тіл күніне байланысты «Тілім менің Абай, Ахмет сөйлеген» 7-8 сыныптар арасында сайыс өтті. Мақсаты, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» 6 сынып оқушыларымен патриоттық кеш өтті, ондағы мақсат өткен тарихын  ұмытпауға, тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу.

 

 

«Көңілімнің шуағы» атты жергілікті ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қуат Жолболдыұлы Мыңтұрғановпен кездесу кеші, т.б іс- шаралар өтті.

 

 

«Менің сүйікті кейіпкерім» атты аудандық сайыс жыл сайын өткізіліп тұрады. Оқушылар қатысып ІІ жүлделі орынмен марапатталды.

Келесі жартыжылға оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  жаңа бағдарламаға сай,  әртүрлі іс шаралар ұйымдастыру  жоспарланып отыр.

 

Кітапхана меңгерушісі: Жаукенова Г