Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі ауданымыздағы іргелі білім  шаңырақтарының бірі, жарты ғасырдан астам тарихы бар ағарту ісіне зор үлес қосып келе жатқан білім ошағы.

 

Абай Құнанбаев орта мектебінен қанатын қатайтып, түйеп ұшқан талай шәкірттер Қазақстанның экономикасын, әлеуетін, мәдениетін арттыруға үлес қосқандар ішінде: атақты академик – ғалым Зейнолла  Қабдолов, профессор Айсұлу Исанова, Равиль Шырдабаев, Қажымұқан Елеместегі және т.б.

 

Республикаға әйгілі ұстаздар еңбек етіп, шәкірттерге сапалы білім бергендер Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері Досымқожа Кейкешев, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі Дәметкен Төлегенова, Тұрсынай Ноғаева. Надежда Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты Тоқтар Ботабаева, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Тыныштық Рахымбаева.

 

Қазіргі таңда мектепте 1-11 сыныптар арасында 446 оқушыға дәріс беріп отырған 57 педагогикалық қызметкерлері. 

 

Жарқын болашақтың ірге тасы мектепте қаланады. Мектептің мақтанышы «Алтын белгі» иегері Қалимерденова Данагүл.

 

Оқушылар арасында аудандық және облыстық байқауларында мектеп абыройын жоғары ұстап,  жетістікке жетіп жүрген оқушылары да аз емес. Соның қатарында Азия ойындарының жеңімпазы Әнуаров Әбухасан. Республика бойынша атын шығарып жүрген оқушылар: Әбілқайыр Ұлықбек, Тынышқалиев Әділет. Облыс байқауларында білімдерін көрсетіп, жүлделі орынға иеленген оқушылар: Қалимерденова Нұрай, Ғарифоллаева Жайнагүл, Балабай Алтынай, Отаубаев Ақболат, Елемесов Данияр, Қайрошева Ақнұр, Ерболатова Айнұр.

 

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жетістігі білім алып жүрген оқушылардан көрінеді: А. Калимерденова-10 сынып оқушысы, У. Жасуланкызы – 9 сынып оқушысы, Д. Магзомова – 11 сынып оқушысы және т.б.