Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

13.02.20 ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі лездемеде салтанатты түрде ашылып, жоспар барысы оқушыларға таныстырылды.

 

«Бала – жүрек жылуы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханашысы Г.Жаукенова мен М.Табынаева бірігіп «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырды. Сонымен қатар бұл көрмені ұйымдастыру барысында Ш.В.Аманошвилидің еңбектерімен, дәйексөздер жинағымен таныстырып, оқушылар да ұлы ғалым Абай атамыздың кітаптарын таныстырды..

 

Көрмеде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның игі істері туралы, ол ашқан «Бөбек» қайырымдылық орталығының тарихынан ақпараттар, сонымен қатар, адамгершілікке, мейірімділікке, махаббатқа үндейтін суреттер оқушылар назарына ұсынылды. Онкүндіктің екінші күні 3 «а» сынып оқушылары мен өзін-өзі тану пән мұғалімдері бірігіп «Мейірімді жан» ертегі қойылымын шағын орталық топтары үшін арнайы ұйымдастырылды.

 

Ертегі татулыққа, бірлікке, достыққа шақырады. Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ары қарай жалғасын «Қайырымдылық жер бетінде» тақырыбы бойынша 6-8 сыныптар арасында флешмобпен жалғасты. Өткізудегі мақсатымыз оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа шақыру, олардың дұрыс іс-әрекет жасау үшін жақсы, ізгі ойға баулу болатын.

 

Сонымен қатар көмекке мұқтаж жандарға «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды және «Үйден оқитын оқушыларға» арнайы сыйлықтар табысталды. «Ән – көңілдің ажары» тақырыбында караоке, «Алтын жүрек анамыз» тақырыптарында ән кеші мен мәнерлеп оқу 3-4 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Бұл шарада оқушылар өзін-өзі тану пәнін бүгінгі ұрпаққа жеткізген Сара Алпысқызы Назарбаеваның құрметіне арнап «ана» туралы өздерінің өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.

 

Үзілісте оқушылар «Жүрек жарды ақ тілек» атты ілінген қабырға газетіне ұстаздарына, достарына арнап жылы лебіздерін білдірді. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Масқарова 6 «Б» сынып оқушыларына «Дос және достықтың сыры неде?» тақырыбында тренинг өткізді.«Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыптарында 12 ақпан күні өзін-өзі тану пән мұғалімдері А.Масқарова мен Х.Тигиспаева алғашқы сабақ өткізді.

 

Бұл сабақтардан оқушылар мейірімділік, қайырымдылық ұғымын, адами құнды қасиеттер туралы өз білімдерін жетілдірді. Сөйтіп, «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік «Бәрі де сүйіспеншілікпен басталады» атты концертпен өз мәресіне жетті. Оқушылар жүлделі орындарымен марапатталды.