Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

13.12.2019

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларды әскери-патриоттық бағытқа тәрбиелеу және "Жас сарбаз" сыныбының жұмысын жандандыру, оқушылар  арасында әскери қызметті  насихаттау мақсатында "Жас сарбаз" сыныбының АНТ қабылдау рәсімі өтті.

Аталған шараға Мақат ауданы әкімінің орынбасары Ерғалиев Нұрлан Мұратұлы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, капитан  Сатыбалдиев Жасұлан Асылбекұлы,  Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз хатшысы Абитова Үрбайза Қабылбекқызы,   Атырау аймақтық дене тәрбиесі  және спорт дамыту орталығының  алғашқы әскери дайындық кабинетінің  жетекшісі Елеуов Нұрлан Мұхамеджанұлы, "Аналар үндестігі" қоғамдың ұйымының төрайымы  Биташева Гүлсім Кантөреқызы,Мақат аудандық білім беру бөлімінің басшысы Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы, Мақат аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Құлтаев Ерболат Серікқалиұлы, БАҚ өкілдері, кент мектептерінің директорлары, ауған соғысының ардагерлері және ата-аналар қатысты. Ата-аналардың атынан құттықтау сөзді Көбенбаев Маржан  " Осы қабылдаған әскери анттарына адал болуларын, сарбаздар сыныбының  қиындықтарына мойымай табандылықпен төтеп беруге, "Жас сарбаз" сыныбын мақтаныш тұтатынын айтты. Шараның екінші кезеңінде қонақтар "Жас сарбаз" сыныбының үйірме жұмыстарымен танысты.