Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Жаңалықтар

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде  құрылыс жұмыстары практикасы, «Ойлан, тап» бастауыш, «Ағаш бұйымдарын өңдеу», «Көркем сөз», «Любителей русского языка», Жас Ұлан» патриоттық,  «Киіз үй», «Пікір сайыс сөз додасы», «Let’s learn English together» атты бейіндік лагерлері оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне атсалысуда.

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде құрылыс жөндеу жұмыстары бойынша практикадан өткен 10 сынып оқушылары практиканың соңғы күнінде  мектеп ауласында құрылған киіз үй ішінде "Ұлттық тәрбие - адастырмас сара жол" тақырыбында өнеге сағатын өткізді.

 Мектеп директоры  Р.К. Сарбалин 

алтын ұядан қанат қаққалы тұрған түлектердің қадамына сәт-сапар тіледі. Жүректерге қуаныш-шаттықпен қоса қимастық сезім сыйлаған шарада барша жас түлектерге ыстық ықылас пен ақ тілектер ақтарылды.