Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде құрылыс жөндеу жұмыстары бойынша практикадан өткен 10 сынып оқушылары практиканың соңғы күнінде мектеп ауласында құрылған киіз үй ішінде "Ұлттық тәрбие - адастырмас сара жол" тақырыбында өнеге сағатын өткізді.
Өнеге сағатын барысында алдымен ата - аналар мен оқушылар қазақ халқының салты бойынша амандасып, ұлттық ойынымыз "хан талапай" ойынын ойнап, өз өнерлерін көрсетті.
Қонақтар ұмытылып бара жатырған салт - дәстүрлер бойынша көрініс көрсетті.
















