Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

5.12.2019

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 25-29-шы қараша аралығында математика пәні бойынша «Математика – ақыл-ой гимнастикасы» атты апталық болып өтті. Апталық барысында Х.И.Жумагазиева 9 сыныпта «Арифметикалық прогрессияның n-шы мүшесі», М.К.Мухтанова 6 сыныпқа «Рационал сандарға амалдар қолдану», Ж.Т.Сидегалиева 11 сыныпқа «Математикалық сауаттылық есептерін тиімді тәсілмен шешу», А.Қонанова 5 сыныпқа «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

5-6 сыныптар арасында олимпиада өткізіліп, 5-ші сыныптар бойынша Думанқызы Сәнбибі І орын және 6-шы сыныптар бойынша Құмар Әділхан І орынды иеленді. 7-ші сыныптар аралығында «Жас білімпаз» зияткерлік сайысы және 8-ші сыныптар аралығында математикалық регата, 9-10 сыныптар бойынша «Жас математик-2019» байқауы, 11-ші сыныпқа «Формуланы білеміз бе» атты ойын сайысы өткізілді. Апталықтың жабылуы барысында ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Апталыққа қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.