14.06.21ж - Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған!
Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат аудандық білім бөлімі "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» мектеп бітірушілерге арналған аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп директорының міндетін атқарушы Утепкалиева Анаргүл Жарасқызы ашып, мектебіміздің түлектеріне жылы лебізін білдірді. Ал, түлектер өз тараптарынан алтын ұя мектебіне, ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Шара соңында мектеп бітіруші түлектер "Тал егу" акциясына атсалысты.
"Үздік аттестат" иегері Талғат Нұрсәуле Жанболатқызы.Құттықтаймыз!!!
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/841-14-06-21zh-mektebi-altyn-ya-zhar-yra-an-stazy-b-la-k-zi-sar-yra-an.html#sigFreeId37f6293e0a










