Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

25.05.21ж - Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

                    Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

                    Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

                    Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған!

Атырау облысы Білім беру басқармасы Мақат ауданы білім бөлімінің "Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" КММ 9,11 сынып оқушыларына арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында мектеп директорының міндетін атқарушы Утепкалиева Анаргүл Жарасқызы мектебіміздің түлектеріне жылы лебізінін білдірді. Түлектер мен ата -аналар өз тараптарынан алтын ұя мектебіне, ұстаздарына алғыстарын арнады.

#ЖАСТҮЛЕК