07.05.21ж - БІЗ БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!
Ұлы Отан соғысының ардагері Тукешов Тасым Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаттыкөл ауыл советінде 1917 жылы дүниеге келген. 1942 жылы қараша майданға аттанды. Мәскеу облысының Воронеж, Курск,Орёл қалаларында шайқасып, Днепр өзенінен өтерде ауыр жараланып, 6 ай бойы госпитальде жатып, 1944 жылы елге аман-есен оралыпты. Елге оралған соң ферма меңгерушісі, трактор бригадасының бригадирі болып 14 жыл қызмет атқарған. 1946 ж Кейін Тасшағыл ауылында аға шопан болып еңбек еткен. "Орден Отечественной войны І степени", "20 лет Победы в Великой Отечественной войне", "40 лет Победы в Великой Отечественной войне", "Медаль Георгия Жукова", "50 лет Вооруженных сил СССР" төсбелгілерімен марапатталды.
Шөберелері: Жандарбекұлы Азамат пен Жандарбекұлы Диас
Атамыздың бейнесі мәңгі есімізде сақталады!#ЖеңіскеҚұрмет #БізБатырЕлдіңҰрпағымыз
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/793-biz-batyrdy-rpa-ymyz-4.html#sigFreeIdc5dc25fc4f










