13.04.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы,Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебіндеАтырау облысы Білім беру басқармасының 2021 жылғы 19 ақпандағы 15-4-10/ 598 санды хаты негізінде білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту аясында мектепішілік парламентке сайлау өтті. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп / студенттік парламент» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (екінші кезең - 2016-2020 жылдар), Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.
Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп, колледж, жоғары оқу орны әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар, студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1. Құқық және тәртіп фракциясы.
2. Ақпарат фракциясы.
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
7. Дебат қозғалысының фракциясы.
8. Экология және еңбек фракциясы
#өзін_өзі_басқару










