Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

07.04.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тіл пәндері бойынша "Критериалды бағалау - оқу процессінің негізгі факторы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинар барысында "Оқушылардың оқу жетістігінің критериалдық бағалау жүйесі" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Хайруллина Г.С. жас ұстаздарға шебер-сыныбын өткізсе, Сулейменова Г.Ж. "В каждом деле нужно уметь работать" тақырыбында ашық сабақ, Мендигалиева Ж.С. "Критериальная система оценивания.Формативное оценивание" тақырыбында коучинг, ағылшын пәні мұғалімдері Амантаева М.И. және Айтмухамбетова Б.М. "Критериалды бағалау" тақырыбында сыныптан тыс шарасын өткізді.