01.04.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы,Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің "Жас Ұлан" ұйымы жоспарына сәйкес, мектеп Ұланбасы Аманжолова Жұлдыз және мектеп тәлімгері Бүркішова Әсемгүл құстар күніне орай "Қош келдің, қанатты достар" тақырыбында 5 сыныптар арасында сыныптан тыс шарасын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар жыл құстарын таныстырып, құстар туралы мақалдар айтып қызықты сұрақтар қойылды. Оқушылар құстар туралы тақпақтарын да айтты. 8 "Ә" сынып оқушысы Ахмет Азамат үйірме жұмысында атқарылған "Құстың ұясы" жұмысын таныстырып, жасалу жолын оқушыларға айтып өтті. Оқушыларды құстарды қорғауға, ұясын бұзудан аулақ болуға шақырды.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/737-osh-keldi-anatty-dostar.html#sigFreeIdfad765727d










