Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

27.03.21ж - «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру бағытында "Кітап-сарқылмас қазына" танымдық кеші өтті.Оқырмандарға жаңа білім беріп қана қоймай, кітап оқуға деген қызығушылықтарының оянуына түрткі болу басты мақсатымыз болды. Шарада «Кітап оқудың пайдасы» атты бейнеролик көрсетілді және оқырмандардың арасынан бес спикер өздерінің оқыған кітаптары туралы таныстырды.