21.03.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің ұжымы арасында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлау мақсатында "Қош келдің - Әз - Наурыз" атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында "Бесікке салу", "Бастаңғы", "Байғазы беру", "Ерулік", "Қонақкәде", "Көрісу" сынды ұлттық салт- дәстүрлерден көріністер қойылып, термелер орындалып, әндер айтылды.










