Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

11.03.21ж – "ҰБТ – білім сапасының дайындық көрсеткіші" тақырыбында мектепішілік семинар

Атырау облысы,Мақат ауданы,Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушыларың ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында "ҰБТ – білім сапасының дайындық көрсеткіші" тақырыбында мектепішілік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында математика пәні мұғалімі Сидегалиева Жадыра Төремұратқызы "Қазақстан тарихының сұрақтарын комбинаторика және ықтималдық есептерінде қолдану" тақырыбында ашық сабақ, тарих пәні мұғалімі Ибрашева Маргарита Еркінғалиқызы "Тарихы тұлғалар, тарихи оқиғалар және даталар" тақырыбында интеллектуалды сайыс, мектеп психологі Табынаева Марал Берікқызы "ҰБТ - білім сапасының негізі" тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Оқушылар бір - біріне тілектер айтып, өз ойларымен бөлісті.