Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

09.03.21ж - «Жыл мұғалімі -2021» байқауы

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев орта мектебінде 9 наурыз күні мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі әдіскері Мұханова Айнагүл Серікқалиқызының ұйымдастыруымен мектепішілік «Жыл мұғалімі-2021» байқауы өтті. Байқауда ұстаздың өзіндік шеберлігі мен жаңа технологияны қолдана білуіне, оқушылармен қарым-қатынас жасауы мен топтық жұмысты ұйымдастыра алуына, шығармашылық шеберлігіне де ерекше назар аударылды.

Байқау ІІІ кезеңнен тұрды. Бірінші бөлімде мұғалімдер шығармашылық тақырыптарын таныстырып өтті. Екінші бөлімде понарамалық сабағын қорғаса, үшінші бөлімде педагогикалық тест тапсырмаларын орындады. Әділқазылар құрамы құрылып, жұмыстары сараланып қорытындыланды.

Байқаудың қортындысы бойынша педагогикалық шеберлігін жан-жақты таныта білген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мендигалиева Жанна Сериковна І орынды иеленсе, ІІорынға өзін жан-жақты қырынан көрсете білген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сариева Ақжұма Лесқызы лайық деп танылды. Ал бастауыш сынып мұғалімі Алпысова Айнагүл Серікқызы ІІІ орын тұғырынан көрінді.

«Шебер мұғалім» номинациясы бойынша Сариева Ақкүміс Лесқызы, «Зерттеуші мұғалім» номинациясы бойынша Күншигарова Нұргүл Сәрсенқызы, «Ізденуші мұғалім» номинациясы бойынша Нәби Анаргүл Амантайқызы, «Шығармашыл мұғалім» номинациясы бойынша Курмангалиева Гүлжаухар Карлқызы марапатталды.