03.03.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде қыз балаларға рухани тәрбие беру арқылы халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру. Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, қыз балалардың бойындағы қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге,бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының 9-11 сынып қыздары арасында мектеп психологтары М.Табынаева мен А.Айтмухамбетова
«Гүл мереке,күн мереке-8 наурыз» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Шара барысында «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында мектебіміздің аналар ұйымының төрайымы С.Шалауова қыз тәрбиесінің маңыздылығы туралы ой қозғады. Тәрбиелік мәні зор бейнеролик көрсетіліп, аналар мен қыздар өз ойларын ортаға салды. Қыз балалардың мерекелік көңіл –күйлерін көтеру мақсатында «Тосын сый», «Ана алақаны», «Менің қызым», «Достық» тренингтері жүргізілді. Мерекелік кешке қатысушылар өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/639-g-l-mereke-k-n-mereke-8-nauryz.html#sigFreeId8eda21be48










