28.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде ағартушы - педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай "Ұлы даланың - дара ұстазы" апталығы аясында 9 сынып оқушыларына конференция ұйымдастырылды. Аталған шарада Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, әңгімелерінің тәрбиелік мәні туралы баяндама оқылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Сариева Ақжұма Лесқызы, Жанжигитова Шынарай Серікқызы.










