26.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Жаңартылған біліммен болашаққа" тақырыбында биология, химия және география онкүндігі барысында 7 "б" сыныбына "Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер" тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақ барысында видеоролик, суреттер көрсетіліп, тақырыпты мұғалім ашып түсіндірді. "Терминдер кестесі" әдісімен оқулықпен жұмыс, LearningApp.org сервисінен тапсырма орындау және биологиялық диктант секілді тапсырмалар орындалды. Сабақ соңында кері байланыс алынды. Пән мұғалімі: Бүркішова Әсемгүл
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/625-zha-artyl-an-bilimmen-bolasha-a-ta-yrybynda-biologiya-khimiya-zh-ne-geografiya-onk-ndigi-barysynda-7-b-synybyna-minez-ly-ty-reflektorly-tabi-aty-shartsyz-zh-ne-shartty-reflekster-ta-yrybynda-ashy-saba-bolyp-tti.html#sigFreeIdd2246703f4










