26.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» акциясы бойынша кітапхана сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: кітап оқу туралы түсінік беру, кітапханада өздерін еркін ұстау және кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Оқушылар оқыған шығармаларын сұрақ қою арқылы ойларын ортаға салып және «Жазушыңды таңда» бөлімінде кітап таңдап, «Джин» ойынымен қызықты өтті. Мектеп кітапханашысы: Жаукенова Г.Ж.










