Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

11.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 8-ші және 12-ші ақпан аралығында «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбындағы математика, физика және информатика апталығы жоспарланып, жоспарға сай өтуде. 11-ші ақпан күні 9 сыныптар арасында математикалық регата олимпиадасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Пән мұғалімі Жұмағазиева Х.И. өткізген бұл олимпиада да 9 «ә» сыныбы көп ұпай жинап, жеңіске жетті.