04.02.21ж - 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының "Зерде" республикалық конкурсының облыстық кезеңінде экология, валеология секциясы бойынша жүлделі III орын алған мектебіміздің 7 сынып оқушысы Тынышқали Бекзада марапатталды. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Бүркішова Әсемгүл Сырымқызы
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeIdee4d734de2
05.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі 1 "А" сыныбында "Адалдық-адамдықтың белгісі" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, сахналық көріністер көрсетті. Сынып жетекшісі: Г.Б. Бекешева
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeId3e3adbd7e1
09.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық " атты онкүндігінде "Алтын жүрек" атты челленджі жалғасуда.
05.02.21ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық " атты онкүндігінде "Мейiрiмдi ана" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeId9f1aba66a5
05.02.21ж - 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылы 30 мамырдағы жарлығымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 70 жылдығына орай мектебімізде «Даналықтың бастауы – Абай мектебі» атты мұражайдың ашылу салтанаты өтті.
Мұражайға мектебіміздің түлектері жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зейнолла Қабдолов, Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Қажымұқан Елеместегі, І дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Ерлігі үшін" меделімен марапатталған, «Мақат ауданының құрметті азаматы» Тәжібай Текеев, Тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандитаты Айсұлу Исанова, Ауған соғысының жауынгері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Қазанғапов Жақсыбай Бисенбайұлы және ҚР – сы Елбасының 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас сарбаз» сыныбы, мектебімізде көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаздарымыз орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Дәметкен Ергалиқызы, физика пәні мұғалімі Ноғаева Тұрсынай, география пәні мұғалімі Рахымбаева Тыныштық, математика пәні мұғалімі Байымбетова Әсия, Саматова Мүбина, мектеп директорлары Сейітқалиев Мырзахмет және Кейкешов Досымқожа ағайлардың төсбелгілері мен дипломдары және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, математика және технология пәндерінің мұғалімі Алтыбаев Жақсылық Оңдашұлы мен Алтыбаев Бағытжан Жақсылықұлының шығармашылық үйірмелерінің туындылары әйнекті сөрелерге қойылды.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeIdc9fa34d4ec
08.02.21ж – Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Өзін - өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық " атты онкүндігінде Өзін-өзi тану адамгершілік -рухани бiлiм беру бағдарламасының авторы туралы фильмдер көрсетiлдi. Пән мұғалімі: Масқарова Айсұлу Масқарқызы
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeId2e6dafe390
09.02.21ж – Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін ..." атты апталығы ұйымдастырылды.
Апталық барысында "Мұқағали - ғасыр ақыны" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/581-698727852187.html#sigFreeId2630739ae1










