18.01.21ж – Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптар бірлестігінде «Бастауыш сыныптарда «Көркем еңбек» пәнін жаңартылған білім беру мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар мақсаты: «Көркем еңбек» пәнінің жаңартылған бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинар барысында бастауыш сыныптарда берілетін «Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы айқындалып, жаңартылған білім беру мазмұнында оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Педагогтерді ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері А.Сисенгалиева, А.Аманжол, С.Бектлеуова, Г.Хайруллина жаңартылған білім беру мазмұнында қысқа мерзімді жоспар құру ерекшеліктеріне тоқталды.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды; орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру; іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отыру; тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс; метапәндік байланыстар; денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету, саралауды жоспарлау қалай жүзеге асатынына назар аударылды.










