10.12.20ж - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде жаратылыстану бағытындағы сабақ беретін пән мұғалімдерінің қатысуымен "PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың сыни ойлауын дамыту" тақырынбында вебинар өткізілді. Мақсаты: Оқушылардан Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Утепкалиева Анаргүл ендігі болатын PISA халықаралық зерттеуіне қойылатын жаңа талаптармен таныстырып өтті. Әр пән мұғалімдері сөз алып оқушылардың PISA тапсырмаларын орындаудағы кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталып, талқылады.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/475-pisa-khaly-araly-zertteui-ayasynda-o-ushylardy-syni-ojlauyn-damytu.html#sigFreeId9d07b802c9










