Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде ерте жүктіліктің алдын-алу, әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан-жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 9-11сынып қыз оқушыларға арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа Доссор ауылдың ауруханасының гинеколог маманы М. Жаңабаева, мектеп мейірбекесі А.Балабай, мектепішілік аналар кеңесінің төрайымы С.Шалауова қатысты. Ерте жүктілік жайында толық мағлұмат берілді. Акушер-гинеколог Меруерт Жанабаева ерте жүктіліктің қауіпі жайында толық өз ойын ашық айтып, қыздарға көптеген кеңестер берді. Аналар кеңесінің төрайымы Самал Шалауова қыздарға жақсы тілегін білдіріп, ақыл-кеңесін жеткізді.