28.09.2020 ж - 2020 жылдың 28-29 қыркүйек күндері Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері кіші сыныптары үшін Құқық қорғау органдары академиясы дайындаған «Конституция сабағы» атты әдістемелік кешенін пайдаланып, ашық сабақтар өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының конституциялық-құқықтық мәдениеттің деңгейін арттырып, конституциялық патриотизмін дамыту. Сабақ барысында оқушылар елдің негізгі Заңын зерделеп, конституциялық-құқықтық сананы қалыптастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға Қазақстан Республикасы ережелерін түсіндіріп, конституциялық құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтті. Сабақ барысында кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабаққа мектебімізден 1-4 сыныптар бойынша 140 оқушы қатысты.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/303-28-09-2020-zh-2020-zhyldy-28-29-yrk-jek-k-nderi-atyrau-oblysy-ma-at-audany-dossor-kenti-abaj-nanbaev-atynda-y-orta-mektebini-bastauysh-synyp-m-alimderi-kishi-synyptary-shin-y-or-au-organdary-akademiyasy-dajynda-an-konstitutsiya-saba-y-atty-distemelik-keshenin-pajdalanyp-ashy-saba-tar-tkizdi.html#sigFreeId1b02b3a4b4










