Баршаңызды бүгінгі 25 мамыр "Соңғы қоңырау" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы 2019-2020 оқу жылында мектеп оқушыларына сапалы білім берудегі еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Мектеп жұмысының алға басуына қосқан үлестеріңіздің нəтижесінде елеулі жетістіктерге жетіп келеміз.Биылғы оқу жылының қашықтықтан өткізілуіне байланысты оқушыларға түрлі тəсілдермен білім беріп, одардың оқу тоқсанын сапалы аяқтауға өлшеусіз үлес қостыңыздар.
Ендігі жерде сіздерге мықты денсаулық қажымас қайрат, берекелі табыс, отбасы ынтымағын тілеймін!
Қымбатты оқушылар!
Бүгін биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы сыңғырлайтын ерекше күн! Айтулы мерекеде барша мектеп оқушыларының оқу жылын сəтті аяқтауымен құттықтай отырып, алдағы демалыс күндеріне сəттілік тілеймін!
Қымбатты жас түлек!
Бүгін сіздер үшін мектеп өмірінің сиқырлы да сазды əуені соңғы рет соғылмақ. Сіздер мектеп қабырғасында 11 жыл бойы талай қызықты күндеріңізді өткізіп, мектеп ұстаздарының сүйікті шəкіртіне айнала білдіңіздер.
Соңғы қоңырау соғылманымен сіздерді алда үлкен өмір есігі күтіп тұрғаны белгілі.
Сондықтан алдағы күндеріңіздің болашағы жарқын, қызығы мол болғай!
Ұлттық бірыңғай тестілеуді оң нəтижемен аяқтап, ата - ана мен ұстаз күткен үміт ақталсын деп тілек білдіремін.
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Мектеп директоры Руслан Құрманғалиұлы











