1.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 6 "Ә" сыныбының "Ынтымақ - достық кепілі" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Куншыгарова Нұргүл Сәрсенқызы.
1.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 7" А" сыныбының жетекшісі Сариева Ақжұма Лесқызының "Қазақстан - ынтымағы жарасқан ел" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты.
2.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 10"А" сынып оқушысы Өтепқалиева Гүлнұр Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзін үш тілде оқып берді.
3.05.20ж - Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! "Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды !"#ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
3.05.20ж - Құрметті Отандастар !
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушылары 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.
3.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 7 "А" сыныбының "Жеңіс күнін жақындатқандар жадымызда " тақырыбында онлайн тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Сариева Ақжұма Лесқызы.
"Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды". #ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
4.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 6 "Ә" сыныбының "Отты жылдар ер есінде, жеңіс күні ел есінде" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Куншыгарова Нұргүл Сәрсенқызы
"Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!". #ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
5.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Алтыбаев Жақсылық ағай "Туған өлке туындылары" тақырыбында мектепшілік үйірмеде оқушыларымен бірігіп жасаған жұмыстарын немерелеріне таныстырды. Ең күрделі жұмыс - Доссор орталық мешітінің макеті. Алдымен Жақсылық ағай үйірме оқушыларымен мешітке барып, бас имам Е.Оташбаев рұхсатымен мешіттің картасы қағаз бетіне түсірді. Мешітті фотоға түсіру арқылы терезе мен есіктерінің өлшемдері алынды. Оқушылар мешіттің аумағын есептеп, масштабы 1.40, яғни барлық өлшем 40 есе кішірейтілді. Бұл макет 3 ай уақыт ішінде жасалды. Доссор - қазақ мұңайының қара шаңырағы. Доссор мұнайы қазақ елінің, қазақ халқының барлығын айдай әлемге паш етті. 1911 жылы сәуір айынын 29-ы мұнай фантаны атқылаған. Жақсылық ағай "Доссор 1911" оқушылармен бірге жасаған макетінде немерелеріне таныстырды. Жақсылық ағай бос уақытты тиімді пайдалану, қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында немерелерімен бірге жемсауыттар жасады.
6.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 11 "А" сыныбының "Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан, дүниеге ерлігімен танылған" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Ибрашева Маргарита Еркінғалиқызы. "Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!".
#ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
6.05.20ж - Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай бастауыш сынып мұғалімі А.К.Кокашева 1 "А" сыныбына арналған "Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты.
#Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды#ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
7.05.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 9 мамыр - Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 9 "А" сыныбының "Желбіре, Жеңіс жалауы!" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Нургалиева Назгүл Тұрланқызы.
#Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды##ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
7.05.20ж - 🇰🇿 7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ🇰🇿
Құрметті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің ер азаматтары, әріптестер! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
7.05.20ж - Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушылардың бойында патриоттық сезім орнату, өткен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу, әсемдікке дағдыландыру мақсатында тарих пәні мұғалімі Ессева Агис Адамбайқызының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Тарих - ұрпаққа өнеге » қашықтықтан тарих апталығында "Жеңістің өшпес сәулесі» атты сурет байқауы өткізілді.
#ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ# ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ#
8.05.20ж - Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің "Жас сарбаз сыныбының оқушысы Ғалиахмет Мақсат "Мен әскери қызметші боламын" облыстық челленджін Атырау қаласы #33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектебіне жолдайды.
8.05.20ж - Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мектеп кітапханашысы Г.Ж.Жаукенова «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тақырыбында қашықтықтан танымдық сабағын өткізді.
8.05.20ж - БІЗ БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫЗ!
Ұлы Отан соғысының ардагері, панфиловшы Назымов Тажмағамбет Атырау облысы, Мақат ауданы Ескене ауылында 1915 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1937 жылы қараша айында әскерге аттанды. Польша жерінде Белоруссия азаматтарын поляктардан босату үшін шайқасқан. Майданнан оралған соң да аянбай тер төгіп, абыройлы еңбек етті.
"20 лет Победы в Великой Отечественной войне", "50 лет Вооруженных сил СССР", "60 лет Вооруженных сил СССР", "За доблестный труд в ознаменование 100- летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина" төсбелгілерімен марапатталды.
Шөбересі: Сәндібекұлы Ерасыл
"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"
#ЖеңіскеҚұрмет #ҰлыЖеңіске75жыл #БізБатырЕлдіңҰрпағымыз #
9.05.20ж - Доссор кенті Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінің 10"А" сынып оқушысы Талғат Нұрсәуле 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне "Жеңіс туы құламасын, желбіресін әрқашан" атты өз туындысын арнайды.










