Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

03 сәуір күні Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде мектепалды даярлық тобы, 1-11 сынып оқушыларына қашықтан оқу бойынша "Мен қашықтықтан қалай оқимын?", "Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?" тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер оқушыларға вирустан қалай сақтану керек екендігін слайд және бейнероликтер арқылы көрсетіп, алдын-алу шараларын түсіндірді. Барлық оқушылар Zoom арқылы қосылып, сынып сағатына белсене қатысты.