4.03.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Ұлы ақын, ойшыл, ғұлама Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 7 "Б" сыныбында ұлы ақынымыздың мол мұрасын насихаттау мақсатында "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" атты тәрбие шарасы өткізілді. Бұл шарада оқушылар ақын өлеңін жатқа оқып, ақын өлеңдерінің сюжеттерінен сурет салды. Мектебіміздің кітапханашысы Жаукенова Гүлшара кітап көрмесін ұйымдастырып, 9 "А" сынып оқушысы Абилова Арайлым кітап көрмесімен таныстырды.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/269-le-s-zdi-patshasy-s-z-sarasy-atty-t-rbie-sharasy-tkizildi.html#sigFreeIde63cec6d05










