Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

28.02.20ж - А. Құнанбайұлы – біртуар ойшыл. «Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және қазыналы орыстың, Батыс Еуропа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр». М. Әуезов – айтқандай, Адамзат ойшылы, қазақ халқының данышпан ұлы Абай Құнанбаевтың адамзат тәрбиесіне, өз халқының тағдырына деген ұлы сезімдерінен туындаған ең асыл ойларын өздерінің Мәңгілік Елінің қабырғасын тұрғызушы жастарымыздың рухани тәрбиесіне пайдалану мақсатында «АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» клубының ашылу салтанаты өтті. Аталған шарада 5-9 – сынып оқушылары Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзінен алынған үзінділерден, 10-11-сынып оқушылары Елбасы ойларынан алынған үзінділерден 3 тілде және "Табиғат лирикасын" оқыды. Шараның екінші бөлімінде Ұлы ақын, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған "АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ - ХӘКІМ АБАЙ" атты әдеби -поэзиялық кешпен жалғасты.