1.02.20ж - Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларды орындалатын жаттығулар негізінде жылдамдық, ептілік, күш қабілеттері арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс ойындарын жетілдіру мақсатында «Дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдіс – тәсілдері" тақырыбында семинар өтті.
Аталған шарада дене тәрбиесі пәні мұғалімдері С.К.Оразов 7 "Ә" сыныбына «Әскери – спорттық сайыс», М.Қ. Галиев 9 "А" сыныбына "Допты қабылдау. Волейбол ойыны", Н.С.Куншигарова 5 "Б" сыныбына "Футбол ойыны.Допты алып жүру және беру әдістері" тақырыбында ашық сабақтар өткізсе, Г.О.Койшыбаева 8 сынып оқушыларына "Болашақ чемпиондар" тақырыбында футболдан жарыс ұйымдастырды.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/254-dene-shyny-tyru-p-nin-o-ytudy-zamanaui-dis-t-silderi-ta-yrybynda-seminar-tti.html#sigFreeId084a9674ee










