Мақат аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған әскери-патриоттық клубтардың аудандық көрме – сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 9 "А" сынып оқушысы Есенаманұлы Артём мен 10 "А" сынып оқушысы Мұғаденұлы Әріпжан ІІІ орынды жеңіп алды.










