Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде  биология, химия және география пәндерінің " Жаратылыстану әлеміне саяхат" атты апталық ұйымдастырылды.

Апталық барысында қабырға газеттері ілініп, оқушылар  қызықты кроссовордтар мен  ребустардың шешуін табуға ат салысты. География пәні мұғалімдері А.Ж.Утепкалиева 5 А сыныбында "Таулардың түзілуі" және Г.А.Мағзомова 9 А " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері", химия пәні мұғалімі  Б.Г.Дуйсалиева 10А сыныбында Электрохимиялық  потенциалдар қатары" тақырыбында, биология пәні мұғалімі А.Л.Сариева "ДНК молекулалық құрылысының принцитері" тақырыбында ашық сабақтары өтсе, 9 А сыныбында "Полиглот" сайысы,  7 А, 7 Ә сыныптары арасында "Білгір химик" сайысы, 8 А, 8 Ә сыныптары арасында биология пәні мұғалімі М.І.Ізтелеуова "Бәрін білгім келеді" тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды.
Лездемеде "Жаратылыстану әлеміне саяхат" апталығының жабылу барысында  9 А сынып оқушылары  Қ.Жұмағалиев PASCO  құрылғысы арқылы "Тісімізді неге тазалаймыз?" және адамның тыныштық күйіндегі және жүктеме түсіргендегі жүрек соғысын анықтады, С.Сайынұлы "Фараонова змея", К.Сәтібергенова"Лимон қышқылынан сусын дайындау"   және 10 А сынып оқушысы А.Қанатқалиева "Сіріңкесіз от жағу"  зерханалық жұмыстарын көрсетті.