Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде 16-шы қаңтар күні оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыу, шапшаңдыққа,

дәлдікке үйрету мақсатында математика пәні мұғалімі Сидегалиева Жадыра мен информатика пәні мұғалімі Рахметоллаева Салтанаттың ұйымдастыруымен  "Дарабоз" зияткерлік клубының салтанатты ашылу жиыны өтті. Жиынға мектебіміздің ұстаздары, ата-аналар және "Дарабоз" зияткерлік клубының мүшелері қатысты. Салтанатты жиында ата-аналар мен ұстаздар  жаңа жобаның ашылуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі. Лента қию рәсімі ардагер ұстаз, білім саласына сіңірген еңбегі үшін Алтынсарин медалі иегері, технология пәні мұғалімі Алтыбаев Жақсылық ағайға ұсынылды. Жиын соңында информатика пәні мұғалімі Рахметоллаева Салтанат оқушылармен біріге отырып, интернет желісі арқылы белсенді әдістердің озық үлгілерін көрсетті. Алдағы уақытқа "Дарабоз" зияткерлік клубына сәттілік тілейміз. Оқушыларымыз білімнің биігінен көріне берсін.