Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

13.01.20ж

Абай Құнанбаев атындағы орта  мектебінде студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын  күндерін тыңдай отыра, оқушыны шыдамдылыққа баулы, кәсіптік бағдар беру мақсатында "Жарқын жастық - баянды болашақ" атты студенттермен кездесу өтті.

Кездесу кешіне    9-11 сынып оқушылары қатысып,  өздеріне керекті мәліметтерге сұрақ қою арқылы жауаптарын алды. Кездесу кешінде мамандыққа байланысты бейнероликтер, психологиялық тренингтер және  ойындар ұйымдастырылды.
Мектебіміздің "Алтын белгі" иегері Қалимерденова Әйгерім оқушыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, алдағы ҰБТ-ға сәттілік тіледі.