8.01.20ж
А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде қаңтар айының 5-і күні мектеп директоры Руслан Құрманғалиұлының ұйымдастыруымен мектепті дамыту жоспарына сəйкес
"Қысқа мерзімді жоспарды топта талдап, құрудың тиімді жолдары" тақырыбында мұғалімдермен мектепішілік семинар өтті. Семинар барысында Желілік қоғамдастық жұмыстың аясында Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, "Сəулет" мектеп-лицейінің 7-сыныпқа өткізілген видео сабағы көрсетілді. Мақсаты: Желілік қоғамдастық жұмысты жандандыру; Тəжірибе алмасу; Мұғалімдердің кəсіби құзіреттілігін арттыру;
Кейіннен 4 топқа бөлінген мұғалімдер видео арқылы көрген сабаққа рефлексия беру арқылы топ мүшелері ҚМЖ құрастырды. Мұғалімдер топта пікір алмасты, талдады, зерттеді, өзара шешімге келді. Құрылған ҚМЖ-ға баға берілді.












