Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушыларды өз Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне Тұңғыш Елбасының арнайы шақыртуымен Ақорда төрінде арнайы қонағы болып келген «Аналар үндестігі» ұйымның төрайымы Биташева Гүлсім Кантөреқызы және кент ардагері Р.Үмбетов 2б және «Жас сарбаздар» сыныбының оқушыларымен кездесті. Оқушылар келген қонақтарды гүлмен қарсы алды. «Елбасы жолы» видеоролигі көрсетіліп, Елбасының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы еңбегі, жасаған игі істер туралы әңгімеленді. Гүлсим Кантөреқызы өзінің Ақорда төріне қалай шақырту алғандығы жөнінде, өзінің еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.
https://abai-makat.itgk.kz/kz/zha-aly-tar/219-el-tiregi-elbasy-ta-yrybynda-kezdesu-keshi-tti.html#sigFreeId62afb07850










