Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

2019 жылғы 18-22 қараша аралығында бастауыш сыныптарында «Жаратылыстану» мен «Дүниетану» пәндері апталығы өтті.

Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдіс-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта білді. 1ә сынып жетекшісі А.Кокашева жаратылыстану пәніне «Адам қалай есейеді?» тақырыбында, 2б сынып жетекшісі А.Сисенгалиева жаратылыстану пәнінен «Денеге қалай күтім жасаймыз?» тақырыбында 2ә сынып жетекшісі Б.Шаденова дүниетану пәнінен «Біздің сынып» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 4ә сынып жетекшісі Р.Ғарифоллақызы дүниетану сабағынан «Қандай кәсіби мерекелер бар?», 3ә сынып жетекшісі А.Аманжол дүниетану пәнінен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ жаңартылған білім беру жүйесінің талабына сай құрылған. Барлық тапсырмалар білім алушының деңгейіне ескеріліп берілген. Сабақтар жоғары деңгейде өтті. Апталыққа оқушылар белсене қатысып, тұлғалық құзыреттіліктерін шыңдай білді.