Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде Атырау облысы Дін істері басқармасы ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру мақсатында «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіриддин Темірқұлұлы, Ақпараттық талдау орталығының маманы Раушан Алиева, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, еңбек ардагерлері Қуат Мыңтұрғанов пен Роза Үмбетова және мектебіміздің қызметкерлері мен оқушылары қатысты.