Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде жас мамандардың оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістерді ұйымдастырудағы кәсіби деңгейі мен тақырыптық сабақ жоспарларын құрастыруда,

бағалау жұмыстарындағы бірлесе материалды дайындауға көмек көрсету мақсатында «Жас маман, сіздер үшін!» атты жас мұғалімдерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.С.Мендигалиева 5ә сыныбында «Много у меня друзей», математика пәні мұғалімі М.К.Мухтанова 7ә сыныбында «Сызықтық функция және оның графигі», биология пәні мұғалімі А.Л.Сариева «Нефронның құрылысы мен қызметі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізсе, оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Утепкалиева жас мұғалімдерге тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар бірігіп жұмыс жүргізіп, әдістемелік көмектер берілді. Қысқа мерзімді жоспарлар құруға жас мамандарды қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылды.