Мектепішілік лездемеде апталықта болатын іс-шаралармен психолог М.Табынаева мен тарих пәні мұғалімі М.Ибрашева таныстырды. М.Ибрашева 22.04 күні «»Ш.Уәлиханов ағартушы ғалым» тақырыбында 8 А сыныбына ашық сабақтар өткізсе, 9-10 сыныптар арасында «Тарихқа саяхат» интеллектуалды сайысын өткізді. 1-11 сыныптар арасында әртүрлі тақырыптарда эссе байқаулары өткізілді.
Үзілісте 1-4 сыныптар «Ұлттық ойындар» , 1-11 сынып аралығында «Ән- көңілдің ажары» атты караоке оқушылардың уақытты тиімді пайдалану мақсатында өтті.
Сонымен қатар «Қайырымдылық жылы жүректен» тақырыбында үйден оқитын оқушыларға мұражайға саяхат ұйымдастырылды.
«Денсаулық сыры» тақырыбында 3 ә сыныбында Х.Тигиспаева және «Су-өмірдің көзі» тақырыбында Маскарова А. 4 Б сыныбында ашық сабақтар өткізді.
М.Табынаева 5 сыныптар арасында «Білім-сенің болашағың» тақырыбында ата-ана, сынып жетекшілердің қатысуымен пікірталас өткізді.
Апталықтың жабылуы мектепішілік лездемеде қорытындыланып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Абай Құнанбаев атындағы орта мектебінде мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп ұжымы, кент ардагерлері, мектеп бітіруші түлектер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты.










