Мақат аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жол қозғалысының жасинспекторы» слеті өтті. Жеті кезеңнен тұрған сайысқа Мақат ауданынан 7 мектебі қатысқан болатын.
Сайыс қорытындысы бойынша Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.












