Мектебіміз жаңа оқу жылына дайын

23 қараша күні мектебіміздің қамқоршылық кеңес мүшелері тамақтанудың ұйымдастырылу сапасын зерделеді. Зерделеу барысында тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификатпен салыстырылып қаралды. Тағамдарды дайындау технологиясы, тоңазытқыш, технологиялық  жабдықтардың  жарамдылығы, қоймадағы азық-түліктің сақталуы және қолданылатын  ыдыс-аяқтың талапқа сәйкестігі тексерілді. Ас мәзірге сәйкестігі, тәуліктің сынаманың уақытылы салынып, ас блогының қол жуу, кептіргіш құралдарының жасап тұрғандығы,  асхананың талапқа сай екендігі туралы анықталды.