Хаттамасы №1
Абай орта мектебінің мектепшілік ата-аналар жиналысы
2019 жыл 11 қыркүйек
Қатысқандар: 116
Күн тәртібінде:
- 2018-201 оқу жылы қорытынды есебі, 2019 жаңа оқу жылының бастауы - өзгешеліктер мен толықтырулар.
- Жалпыға бірдей мектеп жанынан көрсетілетін көмек-баяндамашы әлеуметтік педогог у.м.а. Ибрашева Маргарита Еркінғалиқызы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Утепкалиева Анаргүл Жарасқызы.
Биылғы оқу жылында біздің мектебімізде МАД тобы - 41 оқушы, 1-11 сыныптар бойынша - 481 оқушы қабылданып, бастағалы отырмыз.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөйледі: Әлеуметтік педогогтың у.м.а. Ибрашева Маргарита Еркінғалиқызы Мектеп бойынша әлеуметтік жағдай төмен 32 оқушы «Мектепке жол» акциясы оқу-құралдары және киім-кешектермен қамтамасыз етілуде.Сонымен қатар биылғы жаңа оқу жылының бағдарламасында көптеген жаңашыл өзгерістер болып жатыр, айта кететін болсам биылғы оқу жылынан бастап 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған бағдарлама бойынша және барлық сыныптар бес күндік оқу жүйесімен оқытылады. Жаңартылған бағдарлама негізінде сабақтың ұзақтығы 40 минут, жоғары сыныптарда оқу жүктемесінің көптілігіне байланысты 7-8 сабақтан болады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша сөйледі:
Абай Құнанбаев орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында 481 оқушымен білім бастаған болатынбыз. Тамыз, қыркүйек айларында зерделеу жұмысы жүргізіліп, мектеп бойынша 104 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққаны анықталып, әлеуметтік паспорт жасақталды. Оның ішінде:
Жартылай жетім-13
Аз қамтылған-27
Көп балалы-62
Биылғы оқу жылында 81 киім келді, оның жартылай жетім-13, аз қамтылған-21, көп балалы-38 және 9 оқушы отбасы жағдайы төмен деп АКТпен берілді. 5 оқушының ата-анасынан құжаттарды жинай алмауына байланысты қолхат түсті.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2017 жылдың 20-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам» атты Республикалық онкүндік ұйымдастырылды. Онкүндік барысында 10-сыныпта «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында ашық тәрбие шарасы, мектеп инспекторымен кездесу, «Құқық және мен» бейнероликтер көрсету, «Бала және оның құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мен және менің құқығым» тақырыбында сауалнамалар ұйымдастырылды.
Қыркүйектің 11 мен 16 аралығында «Жол ережесін білу-бәріне міндет» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында «Жол тәртібін жадыңда ұста!» тақырыбында буклеттер дайындалды, барлық сыныптарға «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары, 6ә-сыныпта «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 7а-сыныбында «Көше қиылысынан өте білейік» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектептің жас инспекторлары 1-4-сынып оқушыларын жолда жүру ережелерін таныстырды.
Қыркүйектің 25-30 аралығында «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуында «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» тақырыбында баяндама оқылды. 2-7-сынып аралығында «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» тақырыбында сурет байқауы, 6-7-сыныптар аралығында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбында танымдық сайыс, 10-сыныпта «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаты, 5ә-сыныбында «Мемлекеттік рәміздер –елдігіміздің нышаны» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Апталық «Туған елім - Қазақстан» атты әдеби-сазды кешпен қорытындыланды.
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне орай мектеп кітапханашысы Г. Жаукенова «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында Елбасы туралы кітаптар көрмесі дайындалды. 1-11 сыныптар арасында «Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Желтоқсан айының 11-15 аралығында «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың ашылуында «Желтоқсан-тәуелсіздік таңының бастамасы» тақырыбында ауызша журнал, 1-4-сыныптар аралығында «Желтоқсан жаңғырығым» ашық тәрбие шарасы, 7-8-сыныптарда «Елбасы және тәуелсіздік» тақырыбында конференция, «Ұлы елдің ұланымыз» тақырыбында ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен сайыс, барлық сыныптарда тәуелсіздікке арналған сынып сағаттары, М. Ибрашева, Н. Нұргалиеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» зияткерлік сайысы өтті. Апталық «Арайлансын ақ таңы – азат елдің!» тақырыбындағы сазды бағдарламамен қорытындыланды.
Сәуірдің 3 мен 8 аралығында «Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат» апталық өтті. Апталықта 10-сыныпта «Мәңгілік ел – біздің күш- қуатымыз» тақырыбында зияткерлік сайысы, 5-9-сынып аралығында «Ата-баба аңсаған Мәңгілік ел» тақырыбында тәрбие сағаттары, 8-11-сыныптар арағыныда «Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр» эссе байқауы, кітапханашы Г.Жаукенова «Мәңгілік ел-болашаққа бастар жол» оқырмандар конференциясы, 5-8-сыныптарда «Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы» тәрбие шаралары ұйымдастырылса, 2-4-сыныптар мұражайға саяхатқа барды. Апталық соңында Қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мектебімізде ақпанның 12 мен 17 аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетін қалыптастыру тақырыбында сынып сағаттары, сурет байқауы ұйымдастырылды. 9 «а» сынып оқуыларына сынып жетекшісі Г. Тоғызбаева адалдық, әділдікке байланысты «Адалдық-адамдықтың белгісі» тақырыбында сынып сағатын, 9 «ә» сынып жетекшісі М. Ибрашева «Сыбайластыққа жол жоқ!» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. Оқушыларға сұрақтар, бейнероликтер көрсетіліп, ойлары талқыланды. 10 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық не?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 5-7 сынып оқушыларына «Парасыз қоғам- ұлт болашағы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 11-сынып бітірушілер мен ата-аналарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында «Адал ұрпақ» клубының мүшелерінің қатысуымен тәрбие шарасы өткізілді. Ата-аналар мектеп бітіруші ұл-қыздарына болашақта адал еңбек етіп, білімнің қажет екеніне аса назар аударды. «Адал Ұрпақ» клубының мүшелері «Жемқорлық» атты қойылып көрсетіп, ата-аналардың, 11-сынып оқушыларының пікірлері мен ой бөлісті.
Қыздар ұйымының жұмысы
2017-2018 оқу жылында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жылдық жоспары дайындалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 1-11 сынып қыздарының тізімін алу, әлеуметтік жағдайымен танысу мәліметтері жинақталды. Тоқсан сайын қыздар жиналысы уақытылы өткізілді. «Тазалық, тәртіп-басты талап» тақырыбында қыздардың сабаққа қатысы, мектеп формасы, тазалығы, оқуы, тәртібін бақылау жұмыстары апта сайын жүргізілді. Қыздарға, ата-аналарына кеңес жұмыстары үнемі беріліп тұрды. «Гүл өссе –мектеп көркі» гүл егу, көркейту, «Әдептілік-адамгершілік бастауы» 4 а,ә,б сыныптарымен жиналыс, мерекелік қабырға газеттерін шығару, «Сөз мәдениеті-өз мәдениетің» тренингі, «Бой түзеу-әуелі ой түзеу» пікірталас, «Өмір қымбатсың маған» тренингі 8а ,ә сыныптарымен өткізілді. Мектеп бойынша «Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы» апталығы бойынша «Ибалы қыз-өмір көркі» пікірталасы өткізілді. Пікірталасқа арнайы шақырылған Тулегенова Д.Е -ардагер ұстаз, Саламат О.Қ, Бисекенова Г.Қ- Доссор ауруханасының акушер-гинекологтары, Жиенбаева В, Едгеева Б, Шалауова С, Әуелбаева Г т.б- көптеген аналар қатысты. «Шығармашылық жетістік байқауы» қыздардың дайындаған қол өнер бұйымдарынан көрме, «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» спорттық сайыстары өткізілді.
Хаттамасы №1
Абай орта мектебінің мектепшілік ата-аналар жиналысы
2019 жыл 12 қараша
Қатысқандар: 87
Күн тәртібінде:
- І тоқсан оқу процессінің қорытындысы – баяндамашы Утепкалиева А.Ж.
- І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының қорытындысы. ІІ тоқсанға ата-аналармен жасалатын жоспар-баяндамашы А.Р.Исемгалиева.
- Республикалық олимпиаданың І кезең қорытындысы-баяндамашы Б.Г.Дуйсалиева.
- Кретриалды бағалау.Оқушы білімін нақты бағалау – баяндамашы Г.С.Хайруллина.
- Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу.
- Білім беру ұйымы мен ата-ана арасындағы келісім шартпен таныстыру-баяндамашы Р.К.Сарбалин.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Утепкалиева Анаргүл Жарасқызы.
І тоқсан бойынша білім сапасын көрсетіп айтты. Білім сапасы бойынша жоғары және төмен сапа көрсеткішін атап, былтырғы оқу жылымен салыстырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары – Дуйсалиева Базаргүл Ғизатқызы.
7-8 қараша күндері 8-11 сыныптары аралығында негізгі пәндерден дәстүрлі мектепшілік пән олимпиадасы болып өткендігі туралы айтты.
І турға әр сынып бойынша оқушылар қалауымен қатыстырылды.
Өз білімімен басқалардан озық тұрған оқушылар іріктеліп, 8 қараша күні ІІ турға қатыстырылғандығы жөнінде мәлімет берді. Пәндік олимпиадаға мектебіміз бойынша 8-11 сыныптар бойынша 92 оқушы, 4 сыныптан 23оқушы, барлығы 115 оқушы сынға түсіп, оның 42 оқушысы аудандық пәндік олимпиадасына жолдама алғандығын айтты.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Исемгалиева Алтынгүл Романқызы.
Қыркүйектің 11 мен 16 аралығында «Жол ережесін білу-бәріне міндет» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында «Жол тәртібін жадыңда ұста!» тақырыбында буклеттер дайындалды, барлық сыныптарға «Жол ережесін білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары, 6ә-сыныпта «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 7а-сыныбында «Көше қиылысынан өте білейік» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектептің жас инспекторлары 1-4-сынып оқушыларын жолда жүру ережелерін таныстырды.
Мектебімізде ата-ана қауымдастығымен байланыс, отбасылық тәрбие бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша оқу жылының басында іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспарға сәйкес оқушыларға отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында сынып сағаттары мен тәрбие шаралары уақытында өткізіліп отырды. Қыркүйек айының 4 мен 9 аралығында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында «Менің отбасым», «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында фотоконкурс, «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбындақайырымдылық акциясы, «Бақытты жанұя – бақытты ел» тақырыбында шығарма байқауы, «Ата ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыбында тренингтер ұйымдастырылды.
16-20 қыркүйек аралығында «Тіл тағдыры-тағдыры» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында 1-11«Ана тілім ‒ ардағым» тақырыбында көрме, «Атадан қалған асыл сөз» және «Сөз мерген» тақырыптарында зияткерлік сайысы, «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты, «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Тіл мен өнер - егіз» тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.
Қыркүйектің 23-27 аралығында «Байтақ елімнің рәміздері» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуында «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» тақырыбында баяндама оқылды. 2-7-сынып аралығында «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» тақырыбында сурет байқауы, 6-7-сыныптар аралығында «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбында танымдық сайыс, 10-сыныпта «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында сынып сағаты, 5ә-сыныбында «Мемлекеттік рәміздер –елдігіміздің нышаны» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Апталық «Туған елім - Қазақстан» атты әдеби-сазды кешпен қорытындыланды.
7-11 қазан аралығында «Салауаттылық өмір салты» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысыныда «Толағай» эстафеталық ойыны, «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
14-18 қазан аралығында «Құқық – өмір айнасы» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында 5-10-сыныптар аралығында «Құқық әлемінде» қабырға газеттері шығару конкурсы, 1-4-сыныптар аралығында «Менің жарқын әлемім» суреттер сайысы, 9-сыныпта «Құқықтық тәртіп және адамгершілік тәрбиесі» тақырыбында сынып сағаты, 5-9-сыныптар аралығында «Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс» тақырыбында шығармалар байқауы, 11-сыныпта «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» тақырыбында пікірталас, «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында сурет байқауы өтті.
«Арайлы алтын күз» апталық жоспары құрылды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Хайруллина Гүлшат Серікбайқызы.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
- Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
Критериалды бағалаудың міндеттері:
- Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
- Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
- Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
- Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
- Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
- Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
- Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
- Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
- Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
- Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
- Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы:
Оқушылар үшін:-
-Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
-Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
- Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
- Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
- Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
- Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
- Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директорының бастауыш сынып
Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп инспекторы – Бисенбаева Маржан Бисенбайқызы.
Мектебімізде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу және бопсалаушылықтың алдын алу жұмысының жоспары, Мақат АПБ-нің ӘПБ-нің ювеналдық полиция тобының инспекторымен бірлесіп атқарылатын жұмыс жоспары, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылық фактілерін алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жұмыс жоспары жасақталды. Оқушылар сабақтан қалған жағдайда ата-анасы сынып жетекшісіне қоңырау шалып ескерту керектігін айтты. Сабақтан ескертусіз қалған жағдайда ата-анасына айыппұл салынатынын ескертті.
Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша сөйледі: Мектеп директоры-Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы.
Мектеп және ата-ана арасындағы келісім шартпен таныстырды. Келісім шартта көрсетілген:
- Шарттың мәні
- Осы шарт тараптардың құқықтарын мен міндеттерін белгілей отырып анықтайтын білім беру ұйымы мен ата-ана (заңды өкіл) арасындағы өзара қарым-қатынасты, сондай-ақ білім алушыны (тәрбиеленушіні) тәрбиелеу мен оқыту үшін өзара жауапкершілік тетеігін реттейді.
2. Орта білім беру ұйымының құқықтары және міндеттері
3. Білім беру ұйымының ата-анасы (немесе заңды өкілінің) құқықтары және міндеттері
4. Тараптардың жауапкершілігі
5. Дауларды шешу тәртібі
6. Форс-мажор
7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі.
Оқушыларға смартфон телефонды ұстамау керек екендігі ескертілді.
Ұсыныс:
1. Оқушылардың сабаққа келуін, кешікпеуін ата-аналар тарапынан да қадағалау
2. Ата-ананың мектеппен тығыз байланысты болуын ұйымдастыру.
3. Сабақтан тыс уақыттағы өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау ата-анасына тапсырылсын.
Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: А.Р.Исемгалиева
Хаттамасы
Абай Құнанбава атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушылары арасындағы жиналыс
2019 жыл 5 желтоқсан
Қатысқандар: 42
Күн тәртібінде:
- Құқық бұзушылықтың алдын алу, снюс туралы түсінік беру – баяндамашы мектеп инспекторы М.Б.Бисенбаева.
- «Денсаулық
- Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен таныстыру, чемпиондары туралы мәліметтер -
- «Психологиялық
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөйледі: Мектеп инспекторы –Бисенбаева Маржан Бисенбайқызы.
Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында ауыл-ауыл болып төбелесу Қазақстан Республикасының сауда орындарында темекі
Қаулы:
Мектеп директорының тәрбие
жөніндегі орынбасары: Б.Ғ.Дуйсалиева










